Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болат Бақауов кінәсін толығымен мойындаған

Опубликовано:

Бүгін Павлодарда облыстың бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың ісі бойынша онлайн сот отырысы өтті. Тыңдалым барысында мемлекеттік айыптаушы Елена Белова сотталушы толығымен кінәсін мойындағаны көрсетілген процессуалдық мәмілені оқыды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Болат Бақауов кінәсін толығымен мойындаған
Фото: pavlodarnews.kz: Getty Images

Бақауов ісі бойынша сот тыңдалымы бүгін қашықтан өтті. Процеске қатысушылар, оның ішінде сотталушының өзі де сот алдына келмей, Whatsapp мессенджерін пайдаланған.

Ал БАҚ өкілдеріне Skype арқылы қатысуға рұқсат берілген.

Сот сі барысында Бақауовтың прокурормен кінәні мойындау жөнінде мәмілеге келгені белгілі болды.

Олар процессуалды келісімге сәйкес экс-әкімге мүлкін тәркілемей, үш жарым жыл бас бостандығынан шектеу жазасы бекітілуі мүмкін деп келіскен.

Сондай-ақ, тыңдалым барысында бұрынғы шенеуніктің 165 млн теңге көлемінде келтірілген залады өтегені белгілі болды. Бүгін үкім шығуы тиіс.

Айта кетейік, Болат Бақауовтың қаңтар айының ортасында тұтқындалғаны белгілі болды.

Бақауов ісі лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі (ҚР ҚК 362-бабы 2-бөлімі 3-тармағы) бойынша қарала бастаған.

Алайда, кейін экс-әкімнің ісі қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану бабы бойынша қаралып жатқаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857654-bolat-bakauov-kinsin-tolygymen-mojyndagan/

pixel