Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Саусағында тырнақ болмады": Шымкенттік жасөспірім аяусыз соққыдан соң комаға түсті

Жарияланған күні:

Шымкентте жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болып, 17 жастағы тұрғын комаға түсті. Жеткіншектің туыстары Елжан Біртановқа жүгініп, баланың емімен астаналық дәрігерлер айналысқанын қалап отыр. Сондай-ақ, жәбірленушінің жақындары кінәлілер жазадан құтылып кете ме деп қорқады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Саусағында тырнақ болмаған": Шымкенттік жасөспірім жаппай төбелестен соң комаға түсті
Фото: Видеодан кадрлар/ Астана телеарнасы: UGC

Жасөспірімнің жақындары 22 мамыр күні болған оқиғаның мән-жайын "Астана" телеарнасының тілшілеріне айтып берді.

Зардап шеккен Абзал достарымен серуендеуге шығып, бір топ жігітке кезіккен. Бұрыннан қарым-қатынастары жақсы емес жігіттер арасында тағы текетірес басталады. Салдарынан үш жігіт те жарақат алады, ал Абзал комаға түседі. Ағасының сөзінше, баланың басына шлакаблок сындырған.

"Құлағынан, басынан қан ақты. Саусағында тырнақтары болмады. Аяусыз ұрып кеткен. Інімнің өзі спортшы, 7-8 адам бірігіп ұрған. Бірақ төбелесте адам одан да көп болған. Қазір іс бойынша 15 адам бар. Олардың төртеуі сот санкциясы арқылы қамауға алынған дейді",- деді жәбірленушінің ағасы Алмас Ұтқыров.

Алмас басқа адамды соққыға жығып жатқанда, үнсіз қарап тұрғандарды да жазалауға ниетті. Ақ халаттылардың сөзінше, Абзалдың жағдайы аса ауыр. Ал баланың туыстары жергілікті дәрігерлерге сенбейді. Сондықтан, олар денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа әлеуметтік желіде жазып, жасөспірімді астаналық ауруханаға ауыстыруын сұраған.

"Саусағында тырнақ болмаған": Шымкенттік жасөспірім жаппай төбелестен соң комаға түсті
Фото: Видеодан кадр/ Астана телеарнасы: UGC

Біртановтың тапсырмасымен Шымкентке арнайы мамандар бар санавиация жіберілді. Астаналық және жергілікті дәрігерлер кеңес өткізіп, алда қалай әрекет еті керегін шешеді.

"Мен тек тәжірибелі дәрігерлер жағдайды бақылауына алса деймін. Өйткені, дәрігерлер қателігінен, кеш жасалған отадан қазір өзім жүре алмаймын",- дейді Алмас.

Прокуратура мен полиция департаменті журналистермен тілдесуден бас тартты. Істе кәмелет жасқа толмаған балалар бар болғандықтан, құқық қорғау органдары істің мән-жайын айта алмайды.

Ал Абзалдың туыстары кінәлілер қаладан кетіп үлгерді деген ойда. Оған қоса, жаппай төбелесте жергілікті депутаттың туысы да бой көрсеткені жайлы ақпарат шықты.

Айта кетейік, күні кеше Атырауда жаңа туған нәрестені өлтіру ісі бойынша облыстық перзентхананың бас дәрігері мен басқа да қызметкерлерге қатысты сот процесі басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857811-sausagynda-tyrnak-bolmady-symkenttik-zasspirim-aausyz-sokkydan-so-komaga-tsti/