Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

14 күн карантинде болады: Елімізде әскер қатарына шақыру қалай өтеді

Жарияланған күні:

Бүгін Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Амантай Өсербаев онлайн-брифинг барысында карантин кезінде әскер қатарына шақыру қалай өтетіні туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Карантин кезінде әскер қатарына шақыру қалай өтеді
Фото: NUR.KZ: Original

Өсербаевтың айтуынша, төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін азаматтарды әскери қызметке шақыру, сондай-ақ әскери борышын өтеген әскери қызметкерлерді запасқа шығару жанданды.

"Мерзімдік әскери қызметке азаматтарды шақырудың ең негізгі мақсаты – Қазақстан Қарулы күштерінің әскери бөлімдерінің қатарына бойында коронавирус инфекциясы бар азаматтарды жібермеу. Өйткені ондай жағдай болса, онда әскери бөлімдердің жауынгерлік жағдайына тікелей қауіп төнеді деп айтуға болады.

Бойында коронавирус инфекциясы бар азаматтардың әскери қызметке шақыруды болдырмау үшін жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Біріншіден, қала әкімінің шешіміне байланысты медициналық комиссияның құрамына инфекционист дәрігер маман қосылды. Және де барлық шақыру пунктерінде медициналық пост қойылды.

  • Онда әрбір келген азаматтың температура жағдайын тексеріп, содан әрі инфекционист маманға барады. Дәрігер онымен сұхбат жүргізіп, соңғы уақытта қайда болғанын, кімдермен, қандай байланыста болғанын сұрап, соған байланысты әрі қарай шешім қабылдайды.

Егер оның бойында ешқандай қауіпті жағдайлар болмаса, ол әскери комиссиядан өткізуге жіберіледі.

Тағы айта кететін жағдай, жас шақырылушылар әскери бөлімге барған кезде 14 күндік карантинде болады. Әскери бөлімге келгесін олардан ПТР тест алады. Сол 14 күн ішінде олар алғашқы әскери дайындықтарын жасап, әскери өмірге бейімделу жұмыстарын жасайды",– деді Өсербаев.

Оның айтуынша, ант қабылдау әскерге шақырылғандардың ата-аналары мен туыстарының қатысуынсыз болады, бірақ әскери қызметкерлер видео түсіріп, туыстарына жібере алады.

Өсербаев қазіргі уақытта әскери бөлімдердегі барлық іс-шаралар барлық санитарлық нормаларға сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Еске сала кетсек, мамыр айының басында Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге ұшқан ұшақ елорда аспанында бұзылды. Осыған дейін әуе лайнерінде шасси істен шыққан деп хабарланған еді. Жақында тергеу жұмыстарының нәтижесі белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857868-karantin-kezinde-sker-kataryna-sakyru-kalaj-tedi/