RU

БАҚ: Бурабайда полиция майоры адам қағып кетіп, оқиға орнынан із суытқан

Тәртіп сақшысының қатысуымен тағы жол апаты тіркелді. Бұл жолы Ақмола облысында полиция қызметкері ер адамды Бурабайға кіре берісте қағып кеткен. Төлем терминалына барып, жолақысын төлемек болған кісі сол жерде көз жұмған. Ал құқық қорғау қызметкері оқиға орнынан із суытқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/КТК, фото: qorgau.kz
Видеодан кадр/КТК, фото: qorgau.kz: Instagram

Нұрлан Жүнісов Көкшетаудағы электр желілері торабында бағаналар таситын жүк көлігінің жүргізушісі болған.

Қаза болар күні таңертеңгісін Макинск қаласына іс-сапарға кеткен.

Жолда көліктен түсіп төлем терминалына жол ақысын төлемек болып жақындағанда, жүйткіген көлік кеп соққан.

"40-43 метрге ұшып кеткенін айтты. Ұшқаны соншалық, Щучьеде соққаннан кейін тоқтамаған, ары қарай кетіп қалған. Мас болған, мас болған дейді, иә", - дейді марқұмның қызы Маржангүл Нүкенова.

Туысқандары "мұсылмандық жолмен шаңырағында бір түнетіп, арулап барып жерлей алмадық" деп өкінетіндерін жеткізген.

Себебі марқұмның денесі бөлшектеніп қалған, мәйітханадан әкеле есік алдынан зиратқа жөнелтіпті.

Ал оқиға орнынан кетіп қалған Макинск қалалық желілік полиция бөлімшесінің бастығы болып шыққан. Басшылары оны қызметінен шығарып үлгеріпті.

"Көліктегі полиция департаменті бастығының ағымдағы жылғы 27 мамырдағы бұйрығымен Макинка станциясындағы желілік полиция бастығы, майор Роллан Қанғожин ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар Көкшетау станциясының желілік полиция бөлімінің бастығы атқарып отырған лауазымынан босатылды", - деді ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті баспасөз хатшысы Ләззәт Қасымжанова.

Қазір полиция майоры қамауға алынып, "Жол ережесін өрескел бұзу" бабы бойынша тергеліп жатыр.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, 25 мамырда Алматыдағы блок бекетте екі полиция қызметкерінің өмірін жалмаған жол апаты болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857971-burabajda-policia-kyzmetkeri-zogary-zyldamdyk-er-adamdy-kakkan/