Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустан тағы бір адам көз жұмды: Ол Теңіз кен орнында жұмыс істеген

Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысында Covid-19-дан болған алғашқы өлім фактісі тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Коронавирустан тағы бір адам көз жұмды: Ол Теңіз кен орнында жұмыс істеген
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қайтыс болған науқастың 53 жаста екені белгілі болды. Жалпы, Қазақстанда 41 адам инфекцияның құрбанына айналған.

Бұл қайғылы жағдай – Батыс Қазақстандағы КВИ-дан қайтыс болудың алғашқы фактісі. Марқұмның Теңіз кен орнында жұмыс істегені белгілі болды. Ол Оралға 3 мамыр күні келген. Коронавирустың бар-жоғын тексеру үшін блок-бекеттегілер оны ауруханаға жатқызады, деп жазады "Орал аптасы".

Осыдан соң алынған екі сынақ та теріс нәтиже көрсетіп, нәтижесінде ер адам үйдегі карантинге жіберілді. Алайда, 10 мамырда аурудың алғашқы белгілері байқала бастаған. Оған қарамастан, науқас дәрігерлерге хабарласпаған екен.

Тоғыз күн өткен соң оның жағдайы нашарлады. Ер адам төсектен тұра алмай қалған. Ауруханаға жатқызу кезінде ер адамда коронавирус расталды. Жағдайының ауыр болуына байланысты жансақтау бөліміне жіберілді. Өткен сенбі 30 мамырда ер адам көз жұмды.

Айта кетейік, кеше Қазақстанда коронавирус ауруынан Шымкент пен Павлодар облысында тағы екі өлім фактісі тіркелді.

Жалпы, елімізде коронавирус пайда болғалы бері 11 мыңға жуық адам ауру жұқтырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858256-koronavirustan-tagy-bir-adam-kz-zmdy-ol-teiz-ken-ornynda-zmys-istegen/

pixel