Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 1 маусымнан бастап қандай нысандар жұмыс істейді

Жарияланған күні:

Алматыда жаздың бірінші күнінен бастап фитнес-орталықтар, СПА, қоғамдық моншалар, сауналар мен азық-түлік емес базарлар қызметін жандандырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда 1 маусымда кімдер жұмыс істейді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Әкімдік хабарлағандай, нысандардың қызметіне барлық індетке қарсы шараларды қатаң сақтаған жағдайда рұқсат етілген.

Жұмыс басталар алдында ұйымдар Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысының ережелерімен танысып, объектілерді барлық қажетті талаптарға сәйкес дайындау керек, оның ішінде үй-жайда күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау, әлеуметтік қашықтық және тағы басқалар бар.

Бұдан әрі нысандар электрондық цифрлық қолтаңбамен хабарламаға қол қою арқылы жазылған нормалардың сақталуына кепілдік беретін және дайын екенін растайтын infokazakhstan.kz сайтына тіркелуі тиіс.

Одан әрі олардың карантиндік шараларды орындауы мониторинг топтары рейдтік тексерулер барысында қадағаланады. Тәртіп бұзылған жағдайда объектілерге толық жабылуға дейінгі әкімшілік жауапкершілік төніп тұр.

"Қосымша тікелей жергілікті жерлерде қажетті қызметкерлердің санын кәсіпорындардың басшылары дербес анықтайтынн хабарлаймыз. Сұлулық пен денсаулық индустриясы объектілеріне арналған жұмыс кестесі штаттық режимде қалады.
Жалпы, жұмысқа жалпы саны 7,2 мың адам болатын 900-ден астам нысан оралады деп күтілуде", - делінген әкімдік мәлімдемесінде.

Бұған дейін хабарланғандай, 1 маусымнан бастап дайындық бағалаудан өткен азық-түлік емес базардан шектеулер алынып тасталады.

Айта кетейік, бүгін ел аумағында блок-бекеттер алынып тасталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858280-almatyda-1-mausymnan-bastap-kandaj-nysandar-zmys-istejdi/