RU

Павлодарда ерлі-зайыптылар коронавирустан қайтыс болды

54 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны COVID-19-дан қайтыс болды: өлім жағдайлары жөніндегі республикалық арнайы комиссия осындай қорытынды жасады. Белгілі болғандай, бұған дейін марқұмның күйеуі коронавирустан көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Павлодарда ерлі-зайыптылар коронавирустан қайтыс болды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы инфекция жұқтырған әйел көптеген жылдар бойы қант диабетімен ауырғандықтан инсулинге тәуелділер тізімінде тұрғанын түсіндірді.

Сонымен қатар, ол бүйрек және жүрек-тамыр ауруларымен ауырған. Павлодар тұрғыны күйеуінен коронавирус жұқтырған. Айта кетейік, ол ертерек қайтыс болды.

Күйеуінен инфекция анықталған кезде, онымен байланыста болған барлық тұлғалар, оның ішінде жұбайы да тест тапсырды.

24 сәуірде оның анализі оң нәтиже берді. Үш күннен кейін ауру белгілері пайда болып, науқастың ауруы күрт асқына бастаған.

Әйел жансақтау бөліміне түсіп, тағы 10 күннен кейін өкпенің жасанды желдетілу аппаратына ауыстырылыпты.

Алайда 30 мамырда келіншек қайтыс болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әйелге барлық ем-дом жасалғанын айтты. Елордалық мамандармен кеңес өткен.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-та 65 жыл отасқан ерлі-зайыптылар коронавирустан бір күнде көз жұмды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858301-pavlodarda-erli-zajyptylar-koronavirustan-kajtys-boldy/