Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте коронавирустан көз жұмған науқас жайлы тың дерек шықты

Опубликовано:

Шымкентте коронавирустан көз жұмған науқас жайлы тың дерек шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкентте коронавирустан көз жұмған науқас жайлы тың дерек шықты
Көрнекі фото: segodnya.ua: Facebook

1959 жылғы азамат Шымкент қаласы Еңбекші ауданының тұрғыны. 61 жастағы азамат 19 мамыр күні жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Науқастан зертханалық сынамасы алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 оң нәтиже берген.

Азаматтың денсаулық жағдайының ауырлығына байланысты 20 мамыр күні жансақтау бөліміне ауыстырылған. Науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Науқастың қосалқы ауруы: Артериялық гипертензия 3-дәрежесі. Өте жоғары қауіпті топ. Қант диабеті 2-типі, декомпенсация сатысында .Семіздік ауруының 2-дәрежесі. Сондай-ақ, науқастың қайтыс болу себебі - өкпе артериясының тромбоэмболиясы ауруының асқынуы.

Науқасқа емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, күнделікті республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген.

Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 30 мамыр күні, сағат 22:10-да науқас қайтыс болды.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 450 адам тіркелді. Осылайша, елде COVID-19 диагнозы расталғандар саны 11 308-ге жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858327-symkentte-koronavirustan-kz-zmgan-naukas-zajly-ty-derek-sykty/

pixel