RU

Шымкентте короновирус жұқтырған келіншек дені сау қыз баланы дүниеге әкелді

Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған келіншек дені сау сәбиді дүниеге әкелді. Анадан балаға инфекция берілмес үшін қалалық перзентханадағы білікті мамандардан құралған дәрігерлік топ 24 жастағы тұрғынды жұқпалы аурулар ауруханасындағы базасында кесір тілігі арқылы босандырып алған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Дүниеге келген нәрестенің салмағы 3 келі 500 грамм. Қыз баланың жағдайы жақсы дейді ақ халаттылар.

"Жүкті әйелге қалалық перзентхана мамандары акушер-гинеколог Айгүл Асанбаева, Жарқынбек Данияров, реаниматолог Айжан Бейсенгирова, неонатолог дәрігер Ұлжан Қонысова, операциялық медбике Наргиз Заидова, анестезист Айнұр Тұрғанбекова және инфекциялық бақылау медбикесі Айгүл Кирикбаева атсалысып отаны сәтті жасады", - деп мәлімдеді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жаңа туған баладан барлық қажетті талдаулар алынып, COVID-19 тесті теріс нәтиже көрсеткен.

Дені сау болып туған сәби бірден қалалық перзентханадағы арнайы дайындалған жеке палатаға ауыстырылған.

Ал коронавирус жұқтырған анасы жұқпалы аурулар ауруханасында емін жалғастыруда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда коронавирус жұқтырған аяғы ауыр келіншектің дені сау қыз баланы дүниеге әкелгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858384-symkentte-koronovirus-zktyrgan-kelinsek-deni-sau-kyz-balany-dniege-keldi/