Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Абайдың өлеңін жатқа оқыды": Балаларға сыйлық берген әкімге жұрт сүйсінді

Опубликовано:

Елорда төртінде халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Абай Құнанбайұлының шығармаларын оқу бойынша байқау өтті. Жеңімпаздарды Байқоңыр ауданының әкімі арнайы барып құттықтаған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: елорданың Байқоңыр аудандық әкімдігі
Фото: елорданың Байқоңыр аудандық әкімдігі: Instagram

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы әкімдігі апаратының "1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні" қарсаңында ұйымдастырған байқауына еліміздің түпкір-түпкірінен екі жүзге тарта бала қатысып, өз бақтарын сынады.

Олар байқау шарты бойынша қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының шығармаларын қазақ немесе орыс тілінде нақышына келтіре оқып, "Байқоңыр" ауданы әкімдігінің Instagram немесе Facebook парақшасына #Байқоңырконкурс хэштегімен 26 мамырға дейін жолдады.

Бүлдіршіндеріміздің өнерін елімізге белгілі қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы, Қазақстанның мәдениет қайраткері, балалар жазушысы Толымбек Әбдірайым және аудан ардагерлері кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Бердәліұлы бағалап, жүзден жүйріктерін анықтады.

Ал жеңімпаздарды қуанышқа толы мерекенің қарсаңында аудан әкімі Нұрбол Төлегенұлы арнайы барып, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Айта кетейік, биыл елімізді қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы кеңінен аталып өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858411-abajdy-lein-zatka-okygan-balalarga-syjlyk-bergen-kimge-zrt-sjsindi/

pixel