Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин жағдайында ақшаны қалай айырбастаған тиімді

Опубликовано:

Ысқақовтар отбасы NUR.KZ порталына үш бала мен екі ересек үшін кішірейіп қалған екі бөлмелі пәтерден көшу туралы шешімді қалай қабылдағанын айтып берді. Олар тұрғын үй жағдайын жақсартуды бұрыннан жоспарлаған.

Карантин жағдайында ақшаны қалай айырбастаған тиімді

Бірнеше ай ойланып, жаңа баспана сатып алу туралы шешім қабылдаған Арман пәтерін 13 млн теңгеге сатылымға шығарған. Ол тұтынушылардың назарын аударғанымен, барлығы үйді ипотекаға алуды немесе бөліп төлеуді сұраған. Ал бұл отбасының талабын қанағаттандыра қоймапты.

Дегенмен, көп ұзамай Арманның пәтерін сатып алуға дайын тұтынушы табылған. Қарт анасына өзіне жақын тұстан шағын үй алып бергісі келген азамат пәтер иесінен жеңілдік сұраған

Осылайша, келісіп, қол алысқан азаматтар келесі күні нотариуске барып, бастапқы төлемді растайды. Сатып алушы Арманның шотына 3,5 млн теңге ақша аударады. Бірақ, келесі күні қалада карантин жарияланып, келісімшарт уақытша тоқтап қалады. Жанұя пәтерде тұруды жалғастыра береді, ал сатып алушы оның жоспары карантиннен соң өзгеріп кетпей ме деп нақтылай береді. Серік шарттың әлі күшінде екенін және ол сату-сатып алу келісімін рәсімдеу мүмкіндігі туа салысымен жүзеге асатынын айтып сендіреді.

Серік тек жылжымайтын мүлік нарығын емес, теңге бағамын да бақылап отырған. Нарықтағы ауытқулар тоқтап, теңге қайта тұрақтала бастаған. Келіншегі бастапқы төлемді доллаларға айырбастауды ұсынғанымен, қала бойынша айырбастау нүктелері жабық болған. Арман банкке хабарласып, долларды онлайн түрде қай жерде және қандай курспен айырбастауға болатынын сұрайды. Банктердің колл-орталықтарында қосымшаның көмегімен валютаны айырбастауға болатынын түсіндіреді, тек біреуі ғана банк жеке курс ұсына алады деп жауап береді.

Еуразиялық банктің қызметкері бұл бағамның неғұрлым тиімді екенін түсіндірді. Ол бойынша 10 000 долларға баламалы теңге сомасы болған кезде Smartbank мобильді қосымшасы арқылы теңгені долларға айырбастауға болады.

Ерлі-зайыптылар валюта сатып алуға сатып алушыдан алынған 3,5 млн теңге және келіншектің есепшотында жатқан 1 млн теңгені жұмсауға болатынын айтады. Осылайша, әйелі күйеуінің шотына ақша аударып, ақша айырбастау операциясы басталып кетеді.

Колл-орталыққа хабарласқан Арман құрылымды анықтап, онлайн-айырбастауға көшеді.

Ол Smartbank қосымшасы арқылы "Айырбастау" операциясын таңдап, банк сайттарында көрсетілген курстан тиімдірек жеке курсқа сұраныс жібереді. Осылайша, жұбайының шотында теңге құлдыраған жағдайда сақтандыратын 10 мың доллар пайда болады. Арман сәтті келісімшарт барысында қалған қаражатты Еуразиялық банкке депозитке салады: ол күнделікті шығынға жұмсалады.

Карантин уақытында Арман жаңа үй іздеген. Өз-өзін оқшаулау уақыты аяқталған соң ерлі-зайыптылар пәтерді сатып, қалған ақшаны алған. Қазір жанұя туыстарының үйінде тұрады және балалар демалысын табиғат аясында өткізуі үшін Алматы маңынан баспана іздеп жүр.

Іздеу жұмыстары жүріп жатқан уақытта Серік мәміледен түскен ақшаны арнайы курс бойынша шетелдік валютаға Smartbank қосымшасы арқылы аударып қойды.

"Осылай ыңғайлырақ. Ал сатып алған уақытта долларды теңгеге қайта айырбастаймын. Мүмкін тағы азғантай ақша тауып қалармын",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858537-karantin-zagdajynda-aksany-kalaj-ajyrbastagan-tiimdi/

pixel