Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда саябақтар, фитнес-орталықтары қай күні ашылатыны белгілі болды

Опубликовано:

Алматы қаласында бірқатар кәсіпкерлік субьектілер 3 маусымнан бастап ашылады. Олардың қатарында спорт нысандары, фитнес клубтар, саябақтар, білім орталықтары мен үйірмелер бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

"2020 жылдың 3 маусымынан санитарлық талаптарды қатаң сақтаған жағдайда:

  • 30 адамнан аспайтын көлемде оқу жаттығу жұмысын жүргізу үшін спорт нысандары;
  • Дене шынықтыру сауықтыру орындары (фитнес клубтар, жаттығу залдары);
  • Білім орталықтары мен үйірмелер (алдын ала жазылу арқылы);
  • Балаларға арналған түзету орталықтары;
  • Саябақтар мен скверлер ашылады", - делінген қалалық бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің қаулысында.

Тиісті құжатта нысан басшыларының санитарлық талаптарды толық орындау керектігі айтылған.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде блок-бекеттер алынып, дәмхана мен мейрамханалар ашылғанымен, әзірге той-томалақ өткізуге рұқсат берілмейтінін мәлім етті.

Есмағамбетова тыйымның алынуы елдегі және әр өңірдегі эпидемиологиялық тікелей ахуалға байланысты екенін айтты.

Ол дәмхана-мейрамханаларға тіпті 20-30 адам да шақыруға рұқсат болмайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858569-almatyda-saabaktar-fitnes-ortalyktary-kaj-kni-asylatyny-belgili-boldy/

pixel