RU

Елбасы Тоқаевтың көмекшісі Әсет Исекешовпен кездесті

Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысының көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады. Кездесу барысында Кеңестің жаңа жағдайда атқарып жатқан жұмысының маңыздылығы туралы айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Елбасының сайтына сілтеме жасап.

ррррр
Фото мұрағаттан: elbasy.kz: Twitter

Қауіпсіздік Кеңесінің ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарғаны атап өтілді.

Өз кезегінде Әcет Исекешев коронавирус эпидемиясына қарсы және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінің орындалу барысы туралы баяндады.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстандағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, әскери, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметі бойынша мәселелер, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі кешенінің даму перспективалары жөнінде егжей-тегжейлі толық ақпарат берілді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Елбасы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858577-elbasy-tokaevty-kmeksisi-set-isekesovpen-kezdesti/