Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтырған Теміртау әкімі өзінің хал-жайы туралы айтты (видео)

Опубликовано:

Қарағанды ​​облысында Теміртау қаласының әкімінде COVID-19 диагнозы расталды. Қала басшысының ауру жұқтырғаны скрининг кезінде анықталыпты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Коронавирус жұқтырған Теміртау әкімі өзінің хал-жайы туралы айтты
Ғалым Әшімов. Видеодағы кадр: UGC

Теміртау әкімі Ғалым Әшімовтың айтуынша, онда аурудың ешбір белгілері байқалмайтын көрінеді. Қала басшысының дене қызуы да қалыпты, жөтелі де жоқ. Ол келесі 2 апта өзін-өзі оқшаулауда болады.

Әкіммен тікелей байланыста болған әкімдік қызметкерлерінің коронавирус сынамалары тегіс нәтиже көрсеткен.

Айта кету керек, Теміртау – COVID-19 вирусының таралу жағдайлары бойынша аймақтағы көшбасшылардың бірі. Қала ұзақ уақыт қатаң карантинде болып, бір күн бұрын ғана ашылды.

Шаһарда барлығы 356 коронавирус жұқтыру фактісі анықталды.

"Қымбатты достар, құрметті отандастар, маған жанашырлықпен айтылған тілектеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Мен өзімді жақсы сезінетінімді айтқым келеді. Үйдегі карантиндемін. Барлығыңызға амандық тілеймін. Санитарлық нормаларды сақтаңыздар, бетперде тағып, қолғап киіп жүріңіздер. Алла баршаңызға денсаулық берсін, өздеріңізді және жақындарыңызды күтіңіздер",– деді Ғалым Әшімов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Теміртау қаласы әкімінің міндетін оның орынбасары Мирас Құттыбай атқаратыны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858601-koronavirus-zktyrgan-temirtau-kimi-zini-hal-zajy-turaly-ajtty-video/

pixel