Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда дауылды жел тұрып, 30 ғимараттың шатыры ұшты (фото)

Опубликовано:

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында қатты дауыл соғып, 30 ғимараттың шатырын жұлып әкетті, Аймақта мектеп, аурухана, мәдениет үйі және басқа да мекемелер шатырсыз қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің ТЖ департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандыда дауылды жел тұрып, 30 ғимараттың шатыры ұшты (видео)

Шатырлар кішкентай емес, үлкен кесіктермен ұшты. Нәтижесінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты он әкімшілік нысанға залал келді.

"Аурухана шатыры, орталық аудандық аурхананың, мәдениет үйінің, орташа жалпы білім беретін мектептің, автобекеттің шатыры ұшты. Шатыр кесіктері үш азық-түлік дүкенінен, "шиномонтаждан" және ауыл мейрамханасы ғимаратынан да ұшып кетті",- деді өңірдің ТЖ департаменті баспасөз қызметінде.
Қарағандыда дауылды жел тұрып, 30 ғимараттың шатыры ұшты (видео)

Мемлекеттік ғимараттар мен нысандардан бөлек, ауыл тұрғындары да зардап шекті. Жергілікті халықтың 20 үйі шатырсыз қалды.

Әкімдік құрамына қаржы бөлімінің өкілдері кіретін комиссия құрды. Олар табиғи құбылыс салдарынан келген шығынды есептейді. Одан бөлек, шатырды орнатқан мердігер компаниялар жұмысына баға беріледі.

Қарағандыда дауылды жел тұрып, 30 ғимараттың шатыры ұшты (видео)

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Қарағанды облысының Шашубай кентінде үшқабатты үйдің балконы опырылып түсті. Салдарынан ерлі-зайыпты екі адам зардап шекті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858616-karagandyda-dauyldy-zel-tryp-30-gimaratty-satyry-sty-foto/

pixel