Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы: Орыстар – біздің халқымыздың бір бөлігі

Опубликовано:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикадағы ұлтаралық келісім туралы сөз етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев: Қазақстанда "ұлттық азшылық" деген ұғым жоқ
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Aқорда: Depositphotos

Қазақстан президенті "Комсомольская правда" басылымына сұхбат берді.

Президенттің айтуынша, ұлтаралық келісім болмаса, мемлекеттің тұрақты дамуы мүмкін емес.

"Біздің ойымызша, ұлтаралық келісім – ішкі саяси тұрақтылықтың ең маңызды факторы, онсыз елдің тұрақты дамуы мүмкін емес. Қазақстан да Ресей сияқты – көпұлтты мемлекет. Бұл үлкен стратегиялық артықшылық деп санаймын, біз "бірлік – әр алуандықта" деген ұстанымға сүйенеміз",– деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің азаматтары өзін біртұтас халық санайтынын атап өтті.

"Шын мәнінде, қазақстандықтар этникалық шығу тегіне қарамастан, өзін біртұтас халық, біртұтас ұлт санайды. Қазақстанда "ұлттық азшылық" деген ұғым жоқ",– деді Тоқаев.

Журналистермен әңгімелесу барысында Қазақстан басшысы өзекті сұрақтарға жауап берді.

Олар президенттен нысандардың атауын ауыстыру туралы сұрады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл процестің қалай іске асатынын түсіндірді.

"Түгелдей атауларды өзгерту деген жоқ. Бірқатар елдімекендер, көшелерге өздерінің байырғы атаулары қайтарылып жатыр. "Тепловозная" және "Приканальная" секілді кеңес дәуірінің шындығын бейнелейтін және жергілікті тұрғындар арасында жатық емес жағымсыз атаулар мен топонимдер өткеннің еншісінде қала бермек",– деді президент.

Сұхбат барысында президент БАҚ беттерінен "Қазақстандағы орыс диаспорасы" деген сөзді көзі шалғанын есіне алды.

"Жақында шетелдік аналитикалық материалдардың бірінде "Қазақстандағы орыс диаспорасы" деген сөзді кезіктірдім. Біздің идеологтарымыз бен сарапшыларымызға шынайы жағдайға түбегейлі қайшы келетін сөздерді қолданбау керектігін айтып, ескерттім.
Орыстар – біздің халқымыздың бір бөлігі, олардың Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі орасан зор және мұны ұмытуға келмейді",– Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Кемелұлы орыс ұлтының өкілдері Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, Тоқаев Қазақстан Республикасының аумағында америкалық әскери базаны салу мүмкіндігі туралы айтты.

Президент Қазақстан Ресей Федерациясы мен Беларусь елдеріне қосылмайтынын ашық айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858630-memleket-bassysy-ltaralyk-kelisimsiz-eldi-trakty-damuy-mmkin-emes/

pixel