Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бомж болуды ойладым": UFC-дегі қазақстандық ару АҚШ-тағы өмірі туралы айтты

Опубликовано:

UFC-дегі алғашқы қазақстандық ару Мария Агапова АҚШ-та өмір сүрудің қиындықтары туралы айтты. Ол шетелде баспанасыз жүре беруді ойлағанын мойындады, бірақ отанына оралуды жоспарламаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мария Агапова. Фото: instagram.com/mma.mashka
Мария Агапова. Фото: instagram.com/mma.mashka: UGC

Айта кетейік, 10 күннен кейін UFC-дегі қазақстандық спортшы қыздың алғашқы жекпе-жегі өтеді. Кездесу Лас-Вегас қаласында болады деп жоспарланған.

  • Отандасымыздың қарсыласы бразилиялық Мелисса Гатто.

Дебюттік айқасының алдында қазақстандық спортшы ресейлік News.ru басылымына сұқбат берді.

23 жастағы қазақстандық ару спорттағы тағдыры оңайға соқпағанын мойындады. Ол "Претендент" шоуына қатысу үшін, үлкен жарысқа дайындалу үшін АҚШ-қа келген. Алайда ойындағысы жүзеге аспай, сайысты жеңе алмаған.

Мария барлық қиындықтарға, өзге елде ақшаның жоқтығына қарамастан, арманынан бас тартып, отанына оралуды ойға алмапты.
  • Қазақстандық спортшының айтуынша, ол АҚШ-та "бомж" болу жоспарын жасаған. Ол үшін Мария өмір сүруге арналған "палатка" сатып алуды ойлаған көрінеді. Спортшы қыз жаттығу залдарында жуынғанын да жасырмады.

Мария өзіне қазір өнер көрсететін клубтағы әріптестері мен менеджерлер қол ұшын созғанын жеткізді.

Сонымен қатар спортшы қыз дебюттік жекпе-жегі шетелде өтетінене қуанатынын білдірді. Себебі, ол туған жерде үлкен жауапкершілік пен қысымды сезінетінін растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858667-bomz-boludy-ojladym-ufc-degi-kazakstandyk-aru-aks-tagy-miri-turaly-ajtty/

pixel