RU

Ақтөбе облысында жағасы өлген балыққа толы су қойманың видеосы пайда болды

Қарғалы су қоймасы мен оның жағалауынан көптеген өлі балық табылды. Куәгерлер оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады. Бұл жағдайға қатысты Ақтөбе облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бөлімі пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

иииии
Видеодағы кадрлар: UGC

Видеодан суаттың жағалауында шашылып жатқан өлі балықтарды анық байқауға болады.

Аумақтық инспекция бөлімінің бастығы Нұрболат Дүйсеновтің "Мой город" порталына берген сұхбатында, әлеуметтік желілердегі видеоны көрген мамандар су қоймасына аттанғанын айтты. Олар бұл жерден 925 ақтабан шабағын теріп, жинап алған.

Кейін, қырылған балықтардың өлім себебін анықтау үшін шабақтар зертханаға жіберілңпті. Енді зерттеу нәтижесін күту қалды. Сондай-ақ, судың сынамасы да сараптамадан өтетіні айтылды.

Бөлім бастығы бұл су қоймасында тұқы, алабұға, шортан және ақтабанның үлкені де кездесетінін атап өтті.

Еске сала кетсек, Алматы облысында өз баласын қорғамақ болған аю балық аулауға барған ер адамды талап өлтірген. Қайғылы жағдай 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы Алакөл ауданының тауларында болған.

Жыртқыш 1979 жылғы Ресей азаматына шабуыл жасаған. Куәгерлердің айтуынша, марқұм туыстарына демалуға келген Лепсинск ауылының тумасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858688-aktbe-oblysynda-zagasy-lgen-balykka-toly-su-kojmany-videosy-pajda-boldy/