Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төңкеріс күтуге болмайды": Лукашенко Беларусь үкіметін отставкаға жіберді

Опубликовано:

Беларусь үкіметі жақын арада отставкаға кетеді. Бұндай шешімді және тиісті жарғыны ел президенті Александр Лукашенко қабылдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Беларусь президентінің ресми сайты
Фото: Беларусь президентінің ресми сайты: UGC

Шешім кеше, 3 маусымда қабылданған.

Лукашенко жаңа үкіметтің құрамын, сондай-ақ бірқатар басқа мәселелерді талқылауға арналған жиынға қатысты. Олардың ішінде коронавирус мәселесі де қозғалған.

Іс-шараға бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар, соның ішінде парламенттің екі палатасының төрағалары, Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, сондай-ақ президент әкімшілігінің басшысы қатысты.

Кездесу барысында Лукашенко шамамен жарты жыл бұрын жаңа үкімет құруды жүзеге асырғысы келгенін еске салды. Оның сөзінше, сол уақытта министрлер кабинеті жаңа министрлермен толыққан. Ал бұрынғылары басқа қызметке ауыстырылған немесе кейбіреулері жұмыстан өз еркімен кеткен деп жазады БЕЛТА.

Осылайша, осы алты айдың ішінде кадрлық ауыс түйіс жұмыстары жүргізілген. Сол себепті, президент үкімет құрамының жаңаруынан "төңкеріс күтуге" болмайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, Лукашенко әлемде пандемия мен экономикалық дағдарыс үстемдік етіп жатқанда үкімет құрамын толық өзгерту дұрыс шешім еместігін де қоса кетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Лукашенко коронавирус жұқтыру қаупінің кімдерде басым екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858809-tkeris-ktuge-bolmajdy-lukasenko-belarus-kimetin-otstavkaga-ziberdi/

pixel