RU

Covid-19 жұқтырған жезөкшелердің ісіне қатысты мән-жай белгілі болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері Ақтаудағы секс-притондардан алынған ақшаны заңдастыруға қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ресми Telegram арнасына сілтеме жасап.

Covid-19 жұқтырған жезөкшелердің ісіне қатысты мән-жай белгілі болды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ведомствода хабарлағандай, бұған дейін Ақтауда секс-притондар желісін ұйымдастырған қылмыстық топ әшкереленді. Жезөкшелерден коронавирус анықталды.

Айта кетейік, атышулы іс кең етек жайды. Себебі полиция қызметкерлері коммерциялық секс-притонмен байланысқан деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жеңіл жүрісті арулардан Covid-19 анықталғаннан кейін олармен байланыста болған 87 адамның бірден оқшауланғанын атап өтті. Қылмыстық топтың сегіз мүшесімен қоса екі адамнан қауіпті ауру расталды.

Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет екі бап: адамдар үшін қауіп төндіретін деректерді жасыру және притондар ұйымдастыру бойынша тергеу жүргізуде.

Сонымен қатар, топ мүшелерінің бірі заңсыз жолмен алынған ақшаны заңдастыру бабы бойынша жауапқа тартылды.

Тергеушілер бұл қаражатқа ол жылжымайтын мүлік сатып алды деп күдіктенуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері тергеуге қатысты өзге ақпаратты әлі жарияламады.

Сондай-ақ, қатысушылардың кінәсі мен жазалау шараларын сот анықтайтыны атап өтілді.

Бұған дейін хабарланғандай, притондар желісіне байланысы бар деп күдіктелген полиция қызметкерлері жұмыстан босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858864-covid-19-zktyrgan-zezkselerdi-isine-katysty-mn-zaj-belgili-boldy/