RU

IQanat білім беру қоры еріктілерге құрмет көрсетті

29 мамыр күні елордада IQanat білім беру қоры олимпиадаларының еріктілеріне құрмет көрсетілді. Үш жыл бойы білім беру саласын дамытуға үлес қосқандарға арнайы кітапшалар салтанатты түрде табыс етілді.

Iqanat еріктілерді ұлықтады

Әлемді жайлаған індет салдарынан рәсімге тек 30 астаналық ерікті қатысты. Марапаттау кең залда өтіп, қатысушылар әлеуметтік қашықтықты сақтай білді. Сондай ақ, шара ұйымдастырушылары барлық қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Жиын барысында IQanat қорының атқарушы директоры Айжан Садықова белсенділерге мақтаныш кітапшаларын табыс ете отырып, олардың алғашқы болып қор шақыртуын қабыл алғандардың бірі екендігін атап өтті. Ол кезде олимпиада тек бір облысты қамтып, өзінің алғашқы қадамдарын жасаған болатын. Ал елордалық еріктілер IQanat қорының білім беру бастамаларын одан әрі дамытуға елеулі үлесін қосқан еді.

Iqanat еріктілерді ұлықтады

Салтанатты рәсімде қордың 14 облысындағы 420 көмекшісінің еңбегі ескеріліп, олардың да марапатқа ие болатындығы атап өтілді. Кез келген іс-шараның сәтті өтуі көмектесу дайын тұратын еріктілерге тән бастамашылдық пен ұйымшылдық сынды қасиеттердің арқасында айқындалатыны сөзсіз.

"Мен бұл кітапшаға ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын. Бүгінгі бізге берілген осы куәліктер мен көрсетілген құрмет ерекше болды. Кітапшаны көп игі іс жасап, еліміздегі білім деңгейінің дамуына өз үлесімді қосу арқылы тез толтыруға тырысамын",- дейді марапатталғандардың бірі Анель Өскембаева.
Iqanat еріктілерді ұлықтады

IQanat білім беру қоры өз қызметін 2017 жылдың қыркүйек айында бастаған. Содан бері қореліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушыларға өз білімі мен іскерлігін көрсетуге мүмкіндік беріп келеді. Сонымен қатар, оларға әрдайым бүгінгі таңда әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруда айрықша рөл атқаратын еріктілер көмектесуде. Жыл санап олардың саны артып, бұл осы қызметтің өзектілігін, сондай-ақ жастардың әлеуметтік мәселелерді шешуге немқұрайлы қарамайтындығын көрсетеді.

Өз кезегінде жас көмекшілер өздерінің белсенді азаматтық ұстанымы еліміздің дамуына ықпал ететініне сенімді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858903-iqanat-bilim-beru-kory-eriktilerge-krmet-krsetti/