Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Опубликовано:

Бүгін апелляциялық алқада "Иволга-Холдинг" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Василий Розиновтың ісі тыңдалды. Оған қатысты жаңа үкім шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Василий Розинов. Фото: Абиля Дощанова
Василий Розинов. Фото: Абиля Дощанова: UGC

Баптар ескі редакция бойынша қаралды. Бастапқыда ірі бизнесменге алаяқтық бойынша айып тағылған. Алайда, кейіннен іс алдау арқылы мүліктік залал келтіру бабына өзгертіліп, кәсіпкер 2,5 жылға сотталған еді.

Ал бүгін аталған істің бабы қайта ауыстырылды. Енді сотталушы заңсыз несие алғаны үшін кінәлі деп танылды.

"Розинов ҚР ҚК-нің 194 бабы, 1-бөлігінде (1997 жылғы редакцияда) қарастырылған қылмысты 2011-2013 жылдары жасаған және ол жеңіл дәреже санатына жатқызылған.
Сондай-ақ ол іске 7 жылдан астам уақыт өтіп кеткеніне орай, сот алқасы ҚР ҚК-нің 71 бабы негізінде мерзімнің өтуіне байланысты сотталушыны босатуға шешім қабылдады", – деп түсіндірді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, былтыр қыркүйек айында Қостанайда Василий Розиновке қатысты сот отырысы басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Ол кезде кәсіпкерге ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған. Кінәсін мойындаған жағдайда, ол 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858921-kazakstandagy-e-baj-adamdardy-biri-kylmystyk-zauapkersilikten-bosatyldy/

pixel