Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біртанов: Қатаң карантинге оралып, вирус көрсеткішін төмендетуге болады

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Қазақстанның қайтадан қатаң карантин режиміне оралу мүмкіндігі жайында сөз қозғады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында Елжан Біртанов қатаң карантин режимінің "теориялық тұрғыда" еліміздегі вирусқа шалдығу көрсеткішін қайта төмендетуі мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Министрдің айтуынша, Қазақстанда карантин тәртібі жеңілдетілгеннен кейін аурудың өсімі қауіп тудырады.

"Қайтадан карантинге оралып, теориялық тұрғыда ауру көрсеткішінің төмендеуіне қол жеткізе аламыз. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, қатаң карантин арқылы мәселені шеше алмаймыз", – деді ол.

Біртанов шын мәнінде карантиннің вирусқа шалдығу көрсеткішін төмендете алатынын, оған эпидемияның бірінші толқыны кезінде көз жеткізілгенін тілге тиек етті.

Министрдің айтуынша, қазір жаңа науқастар санының өсу қарқыны тұрақты – 5% шегінде. Алайда, карантиннің жеңілдетілуі қалыпты өмірге оралу дегенді білдірмейді. Эпидемияны бақылауда ұстау үшін қалыпты карантин әрдайым сақталуы тиіс.

Стандартты ережелер жиынтығы – әлеуметтік арақашықтық, гигиена, маска тағу және дезинфекция.

Сондай-ақ денсаулық сақтау министрі онлайн-брифинг барысында коронавирустың екінші толқыны жайында сөз қозғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858946-birtanov-kata-karantinge-oralyp-virus-krsetkisin-tmendetuge-bolady/

pixel