Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы 245 жағдай: Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 12 312-ге жетті

Опубликовано:

Елімізде тағы 245 адамнан коронавирус табылды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 12 312-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"4 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Алматы қаласында - 49 адамнан, Қарағанды облысында - 48 адамнан, Нұр-Сұлтан қаласында - 35 адамнан, Батыс Қазақстан облысында - 22 адамнан, Шымкент қаласында - 15 адамнан, Алматы облысында - 11 адамнан, Маңғыстау облысында - 11 адамнан, Атырау облысында - 10 адамнан, Шығыс Қазақстан облысында - 9 адамнан, Жамбыл облысында - 7 адамнан, Ақтөбе облысында - 6 адамнан, Ақмола облысында - 5 адамнан, Павлодар облысында - 5 адамнан, Түркістан облысында - 5 адамнан, Қостанай облысында - 4 адамнан, Қызылорда облысында - 3 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өткен тәулікте еліміз бойынша өсім 2 пайызды құрады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясына тестілеу қалай жүргізіліп жатқаны жайлы айтқан еді.

Оның сөзінше, анықталған жағдайлардың көпшілігінда ауру белгілері байқалмаған.

Яғни кейбір адамдар коронавирус жұқтырғанымен ешқандай ауруы белгілерін сезінбеуінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1858981-tagy-245-zagdaj-elimizde-koronavirus-zktyrgandardy-sany-12-312-ge-zetti/

pixel