Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында күшікті тірідей өртеген күдіктілер қолға түсті

Опубликовано:

Алматы облысында полицейлер күшікті тірідей өртеген күдіктілерді қолға түсірді. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысында күшікті тірідей өртеген күдіктілер қолға түсті
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Полиция ақпарынша, қылмыс Алакөл ауданы Қабанбай ауылында орын алған. Әлеуметтік желідегі дабылдардан кейін бірден жедел-іздестіру шаралары басталған.

"Аталған қылмысты жасады деген күдікпен жоғарыда аталған елді мекеннің 2004 және 2005 жылы туған кәмелет жасқа толмаған екі тұрғыны ұсталды. Олардың тұлғалары іздестіру шараларының бірінші сағаттарында анықталды. Жасөспірімдер өз кінәларын мойындап, қылмысты қызық үшін жасағанын айтты. Бұл жантүршігерлік факт және қылмыстық жауапкершілікті талап етеді",- дейді Алматы облысы Алакөл ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Қуат Оспанов.

Қазір іс Қылмыстық кодекстің 316- бабы 2- бөліміне сәйкес қаралып жатыр. Тергеу жалғасуда.

Айта кетейік, осыған дейін Атырауда жеті қазынаның бірі – итті қорлағандар анықталып, қылмыстық іс қозғалған еді.

Оған дейін әлеуметтік желіде итті қорлауға байланысты екі видео тараған болатын. Оның бірінде көшеде итті атқан. Екінші видеода итті тұншықтырған

"Бірінші оқиға 30 мамырда Атырау қаласының маңындағы "Береке" шағынауданында болған. Ал екінші жағдай 31 мамырда Еркінқала кентінде орын алған. Полиция қызметкерлері осы оқиғаларға қатысы бар күдікті ретінде 1979 жылы туған екеуді және 1986 жылғы тағы бір азаматты анықтады", - деп хабараған еді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859064-almaty-oblysynda-ksikti-tiridej-rtegen-kdiktiler-kolga-tsti/

pixel