Елімізде коронавирустан жазылғандардың саны 7 мыңға жуықтады
Опубликовано:
Қазақстанда 55 адам коронавирустан емделіп шықты. Осылайша, елімізде аурудан жазылғандар саны 6903-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы деректер бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында - 5 адам, Атырау облысында - 50 адам коронавирус инфекциясынан айығып, ауруханадан шықты.
Қазақстан бойынша жазылғандар:
Нұр-Сұлтан қаласы – 1318
Алматы қаласы – 1770
Шымкент қаласы – 404
Ақмола облысы – 138
Ақтөбе облысы – 214
Алматы облысы – 267
Атырау облысы – 746
Шығыс Қазақстан облысы – 60
Жамбыл облысы – 218
Батыс Қазақстан облысы – 353
Қарағанды облысы – 405
Қостанай облысы – 106
Қызылорда облысы – 281
Маңғыстау облысы – 162
Павлодар облысы – 160
Солтүстік Қазақстан облысы – 47
Түркістан облысы – 254
Айта кетейік, бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясына тестілеу қалай жүргізіліп жатқаны жайлы айтқан еді.
Оның сөзінше, анықталған жағдайлардың көпшілігінда ауру белгілері байқалмаған.
Яғни кейбір адамдар коронавирус жұқтырғанымен ешқандай ауруы белгілерін сезінбеуінде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859142-elimizde-koronavirustan-zazylgandardy-sany-7-myga-zuyktady/