Екі күн ішінде ауру белгілері жоқ 687 коронавирус тасымалдаушысы тіркелді
Опубликовано:
Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 ауруының клиникалық белгісі жоқ тасымалдаушыларына қатысты статистика жариялайтынын мәлім етті. 2020 жылғы 3-5 маусымдағы жағдай бойынша, жалпы статистикаға қосылмаған 687 коронавирус індетінің белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрлік бүгіннен бастап барлық ресми дереккөздерде коронавирус инфекциясы бойынша ауру белгілері бар және клиникалық белгілері жоқ вирус тасымалдаушылар бойынша статистика жеке-жеке жарияланатынын мәлім етті.
Осылайша, 2020 жылғы 3-5 маусымдағы жағдай бойынша, жалпы статистикаға қосылмаған 687 коронавирус індетінің белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелген. Атап айтқанда:
Ақмола облысында - 8,
Ақтөбе облысында - 11,
Алматы облысында - 60,
Атырау облысында - 42,
Шығыс Қазақстан облысында - 31,
Жамбыл облысында - 12,
Батыс Қазақстан облысында - 79,
Қарағанды облысында - 77,
Қостанай облысында - 3,
Қызылорда облысында - 32,
Маңғыстау облысында - 57,
Павлодар облысында - 6,
Түркістан облысында - 21,
Солтүстік Қазақстан облысында - 24,
Алматы қаласында - 70,
Нұр Сұлтан қаласында - 98,
Шымкент қаласында - 56 ауру белгілері жоқ вирус тасымалдаушысы анықталды.
Еске сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 12 511 адамға жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859184-eki-kn-isinde-auru-belgileri-zok-687-koronavirus-tasymaldausysy-tirkeldi/