Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстанда моланың қоршауын ұрлағандар ұсталды

Опубликовано:

Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері молада жасалған екі ұрлықты әшкереледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz: Facebook

Бірінші оқиға Смирново ауданының орталығында болған.

3 маусымда аудан орталығының тұрғыны әкесінің моласының қоршауынан 10 темір шынжыр ұрланғанын айтып, Аққайың ауданының полиция бөліміне арыз түсірді.

Аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ұрланған заттар сатылуы мүмкін нүктелерді тексеру барысында шынжырдың бір бөлігін тапты. Оларды 1987 жылы туған, аудан орталығының бұрын сотталған тұрғыны ұрлап, түрлі-түсті металл қабылдаушыларға тапсырған. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Екінші жағдай облыс орталығындағы Жұмысшылар кентіндегі молада орын алған.

Аталған қылмыс екінші полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Айдар Қуандықовтың қырағылығының арқасында ашылды. Ол сөмкесіне ауыр жүк салып бара жатқан адамды байқап қалған. Тексере келе сөмкенің ішінен моланың қоршауының темір элементтері шыққан.

Жедел қызметкерлер қоршауы ұрланған моланы анықтады. Бұл факті де қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

"Біз халықпен, түрлі-түсті металл қабылдау пункттерінің иелерімен профилактикалық жұмыстар жүргіземіз. Алайда, мұндай фактілер жиі болып тұрады. Екі жағдайда да марқұмның туыстары материалдық шығыннан гөрі моральдық соққы алды. Мұндай фактілердің алдын-алу мақсатында кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын өткіземіз", – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Еске сала кетейік, жақында Атырау облысында өңір кәсіпкерлерін қорқытып, ақша алып жүрген қылмыстық топ құрықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859193-soltstik-kazakstanda-molany-korsauyn-rlagandar-staldy/

pixel