RU

Блок-бекетте көз жұмған полицейдің жары марқұм жұбайына жантебірентерлік жазба арнады

Алматы қаласына кіре берістегі блок-бекетте көз жұмған полиция қызметкері Дастан Абдықановтың жары күйеуіне арнап әлеуметтік желіде әсерлі жазба қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Instagram
"Сәлем, сүйіктім. Анау өмірдегі жағдайың қалай? Сен қазір менің дауысымды естимісің? Менің жанарымдағы жасты көріп тұрсың ба? Жаным кешірші мені. Мен соңғы күшіме дейін күресіп жатырмын. Сені бұрынғыдай құшақтай алмаймын. Көзімнің алдымда елесің тұрады. Сен менің қалай күресіп жүргенімді көретін шығарсың. Әр күн сайын мағынасыз өмір сүріп жатқандаймын. Әрі қарай өмір сүруім мәнсіз сияқты.
Сенен айрылған күні өмірдің барлық әдемілігін жоғалтқандаймын. Сенсіз өмір сүретінімді маған ешкім ескертіп, айтпады. Жарық дүниеде ештеңеге келіспес едім. Мен үшін сенің бұрынғыдай қасымда болғаның, қиындық пен аурулардан жақсы еді. Сен менің қасымда боламын деп уәде бергенсің. Қолымнан мықтап ұстап, жібермегенсің. Біз барлығын бірге жасайтын едік. Көбісі біздің бақытымызды қызғанатын. Біздің отбасымыз үшін бұл намыстың мәселесі. Сенсіз алдыға жүре алмайтындаймын.
Біз екеуміздің махаббат естеліктеріміз ғана қалды... Келесі өмірде біз бірге боламыз деп сенемін....", - деді Динара Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін қиған жол апаты 25 мамыр таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған.

BMW көлігінің жүргізушісі әуелі бетон қоршауға, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан болатын. Көлік ішінде қос бірдей полиция қызметкері отырған.

Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі, полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859325-blok-bekette-kz-zmgan-policejdi-zary-kjeuine-zantebirenterlik-zazba-arnady/