Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында екі адам өлтірген күдікті үш жылдан соң қолға түсті

Опубликовано:

Алматы облысында кісі өлтірген аса қауіпті күдікті ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысында екі адам өлтірген қылмыскер үш жылдан соң қолға түсті
Фото: polisia.kz: Getty Images

Алматы облысы Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп халықаралық іздеуде жүрген, 2016 жылдың тамыз айында Алматы облысының орталығында болған екі кісі өлімі дерегіне кінәлі деп айыпталған Өзбекстан Республикасының 35 жастағы азаматын ұстады.

Талдықорған қалалық сотының тергеу судьясы 2016 жылдың 11 қазанында Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігіне “Екi немесе одан көп адамды өлтіру” сәйкес қозғалған қылмыстық іс бойынша күзетпен ұстау түріндегі қаулыны санкциялаған.

Қауіпті күдіктіні іздеу үш жылдан астам уақыт бойы жүргізілген, себебі іздеу салынған азаматтың тұрғылықты жері мен жұмыс орнын бірнеше рет ауыстыруы салдарынан күдіктінің тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған және ол есепке қоюдан жалтарған.

Екі облыстың жедел уәкілдерінің бірлескен еңбегінің арқасында аса ауыр қылмысқа күдікті шетел азаматы сот алдында жауапқа тартылады.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері молада жасалған екі ұрлықты әшкереледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859397-almaty-oblysynda-eki-adam-ltirgen-kdikti-s-zyldan-so-kolga-tsti/

pixel