Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы "барахолка" базары жабыла ма: Әкімдік жауап берді

Опубликовано:

Бүгін онлайн-брифинг кезінде Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин аллматылық барахолка жабыла ма деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы әкімдігі барахолка жабыла ма деген сауалға жауап берді
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Оразалин карантиндік объектілерді жаңарту немесе жабу туралы барлық шешімдер қалалық санитарлық дәрігердің бұйрығына сәйкес қабылданатынын айтты.

Алайда, қазіргі уақытта ондай шешім де, мәселе де жоқ. Рұқсат етілген нысандарды және барлық өндірістерді жабу тиімсіз болып саналады, алайда ашық нысандарда карантиндік шаралар мен стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде тексерулер жүргізіледі.

Осылайша, карантиндік шаралар өрескел бұзылған және нысандарда вирус жұқтырғандар анықталған жағдайда шағын, орта және ірі объектілер жабылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, алматылық барахолка 1 маусымнан бастап өз жұмысын бастады. Базар аралауды сағынған алматылықтар әдетте баратын нүктелеріне аттанып, ауданда бірден кептеліс пайда болды, ал базар қызметкерлері санитарлық шаралардың сақталуын белсенді түрде қадағалады.

Базарларға кіре берістерде дәл сауда орталықтарындағыдай дезинфекциялық тоннельдер орнатылды, осы орайда олардың жұмыс істеп тұрғанын атап өту керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859432-almatydagy-baraholka-bazary-zabyla-ma-kimdik-zauap-berdi/

pixel