Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда қолында пышағы бар мас ер адам ұсталды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда жол жөнекей өтіп бара жатқан көліктерге бас салған тәртіп бұзушы ұсталды. Анықталғандай, ер адам мас күйде болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Тағы бір ақылды
Фото: Видеодан кадр: UGC

8 маусымда сағат 3:47-де Абай даңғылы мен Янушкеевич көшесіндегі қолына пышақ ұстаған ер адам ЖБО камераларына түсіп қалған.

"Тәртіп бұзушы мас күйінде жол бойымен жүріп, пышақты қайрап, көліктер қарай жүгірген. ЖБО қызметкерлері дереу мекенжай бойынша патруль жіберді. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оны бірден құрықтады. Ол Байқоңыр аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Белгілі болғандай, ер адам 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Оқиға орнынан пышақ пен қайрайтын құрал тәркіленді", - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан ДП-нің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлыбританияда он жастағы каратэші бала өзін тонамақ болған ұрылардың сазайын берген еді.

Анықталғандай үш ұры баладан iPhone мен сөмкесін тартып алып, қашып кетпек болыпты. Алайда олар өз құрбандарының каратэмен айналысатынын білмеген.

Жас спортшы өзін ренжіткендерді қуып жетіп, біреуін жығып, қалғандарымен де алысқан. Бұзақылар кішкентай баладан қашып құтылуды жөн көріпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859550-nr-sltanda-kolynda-pysagy-bar-mas-er-adam-staldy/

pixel