Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәретхана көшесі": Қоқыстан шаршаған Жетісай тұрғындары жанайқайын айтты (фото)

Опубликовано:

Түркістан облысы Жетісай ауданының орталығы Жетісай қаласындағы Байтұрсынов және Космонавт көшелерінің тұрғындары KAZ.NUR.KZ тілшісіне көп қабатты тұрғын үйлердің айналасындағы қоқыстан неше жылдан бері құтыла алмай жүргендерін айтып, шағымданды.

"Дәретхана көшесі": Қоқыстан шаршаған Жетісай тұрғындары жанайқайын айтты (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Көшедегі қоқыс контейнерлері айналасындағы 5-10 метрлік аумақ тұрмыстық қалдықтарға толы. Қала тұрғыны Любовьтың айтуынша, қоқыс кемінде 4-5 күн жатады.

"Бәз баяғы бұл қоқыстан көз ашпағанымызға 27 жылдан асты. Тұрғыны тығыз шоғырланған аумаққа бар-жоғы 4 қоқыс контейнері қойылған. Толып, тасыған қоқыс кемінде 4-5 күн сасып жатады", - дейді қала тұрғыны Любовь.

Тағы бір тұрғынның айтуынша, қоқыс апталап тазаланбайды.

"Негізі Жетісай лас қой. Қоқыс апталап тазаланбайды. Жинамайды. Мешіттің қасындағы қоқыс контейнерлері де тасып-сасып жатады. Қасынан өту мүмкін емес", - дейді Жетісай қаласының тұрғыны Айсұлу Батыршаева.

Қаланың көпқабатты тұрғын үйлері шоғырланған аумақта канализация жүйесі де толық шешімін таппаған секілді. Екі-үш жыл бұрын ғана орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосыла бастаған көпқабатты үй тұрғындары әрқайсысы ауладан дәретхана орнатып қойған. Көше бойы мен аулада тұрған әжетханада есеп жоқ.

"Біздің көше Космонавт көшесі емес, қоқыс пен дәретхана көшесі", - деп қынжылысын білдірді Айсұлу.
"Дәретхана көшесі": Қоқыстан шаршаған Жетісай тұрғындары жанайқайын айтты (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Орталықтандырылған кәріз жүйесіне кей тұрғын әлі қосылып та үлгермеген. Өйткені,  қалталары көтермейді.

"Канализация жүргізіп береміз деп есіктің алдын қазып тастаған. Кәріз жүйесіне қосылу үшін 50 мың теңге төле дейді. Менің зейнетақым бары 60 мың теңге. Мен қалай төлеймін сонда?! Далаға дәретхана қойып алғамын", - дейді тұрғын Балгүл Жұмабекова.

Жетісай ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Мырзабек Әбішев айтунша, Жетісай қаласында кәріз жүйесіне қосылған нысандардың жалпы саны 490.

"Оның ішінде коммерциялық нысандар 40 болса, жеке  сектор 450 абонент. Кәріз жүйесіне қосылған 450 абоненттің 10-ы ғана жеке сектор, яғни жер үйде тұратындар. Қалған 410 абонент Әуезов, Айманов, Байтұрсынов, Космонавт көшелерінде тұратын көпқабатты тұрғын үйлерде тұратындар", - дейді ол.

"Жер жаннатты-Жетісай" деп ақындар жырға қосқан шахардың шет көшелерінде ғана емес, орталығында да қоқыстан тазалау мәселесі өзекті. Әсіресе, қаланың қақ ортасында орналасқан базарлар маңы қоқысқа толған.

Қазақстанның ең ыстық өңірінде тазалық сақталмай, қоқыс пен коммуналдық басқа да мәселесін шеше алмай шырылдаған жетісайлықтардың проблемасы қашан толық шешімін табары да белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859577-drethana-ksesi-kokystan-sarsagan-zetisaj-trgyndary-zanajkajyn-ajtty-foto/

pixel