Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Интернет-алаяқтар карантин кезінде қазақстандықтарды 1 млрд теңгеге алдаған

Опубликовано:

Ішкі істер министрі орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн режимде халыққа есеп беру кездесуінде қазақстандықтарды онлайн-сатып алу кезінде қырағылық танытуға шақырды. Карантин кезінде осы саладағы алаяқтар азаматтардан 1 млрд теңге ұрлаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, оқшаулану режимі кезінде қашықтықтан сатып алу мен онлайн тапсырыс берудің кең таралуы интернет-алаяқтық санының күрт өсуіне әсер еткен.

Жақында ғана оңтүстік астанада интернет арқылы айла-тәсілдер схемасын ұйымдастырған топтың жолы кесілген. Олар жалған криптовалютаны айналымға енгізіп, бір миллиард теңге көлемінде азаматтардың ақшасын қолды қылған.

"Осы орайда азаматтарды электрондық төлем жасағанда қырағылық танытуға шақырғым келеді. Алдымен жүйенің, жарнамалардың шынайы екеніне көз жеткізіп алу керек", – дейді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол қаржы пирамидасын құрушылардың әрекетінен де көптеген адамдардың жапа шеккенін атап өтті.

Мәселен, министрдің ақпарынша, "Выгодный займ", "Гарант 24 Ломбард" және "Эстейт ломбард" секілді ұйымдардың әрекетінен 40 мыңға жуық қазақстандық шамамен 8 млрд теңгесінен айырылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Гарант 24" ломбардының иесі Аслан Мырзабеков Кишиневте, "Выгодный займ" құрылтайшысы Ақтөбеде, ал "Эстейт ломбард" ЖШС директоры Әсет Ысқақов Қырғызстанда ұсталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859580-internet-alaaktar-karantin-kezinde-kazakstandyktardy-1-mlrd-tegege-aldagan/

pixel