Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тікелей сауда бизнесіне сұраныс артуда

Опубликовано:

Коронавирус пандемиясы ұлттық және әлемдік экономикаға да кері әсерін тигізді. Оның салдарынан Қазақстанның кіші және орта бизнес кәсіпорындары зардап шекті. Азаматтардың табысы азайып, тұрғындар күн көрістің жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіруде. Бұл тұрғыда көпшілік тікелей сатылым индустриясына жіті назар аудара бастады.

Қазақстанда тікелей сауда бизнесіне сұраныс артуда

1. Дәл сол сәт

Экономикалық ахуал бүгінгі күндегідей ешқашан тікелей сауда мен желілік маркетинг индустриясының дамуы үшін мұндай қолайлы болған емес. Әлемде қаржы дағдарысы, сатып алу мүмкіншілігінің төмендеуі, жұмыссыздықтың артуы туралы айтылып жатыр, алайда әдеттен тыс, тікелей саудамен байланысы бар кәсіпорындардың экспоненциалдық өсуі байқалады.

Таныс адамдардың кеңесі мен білікті мамандардың ұсынысы арқылы көп сауда жасалады, сондықтан тікелей сауда бизнесіне сұраныс артуда. Ол жеке ықпал мен сапалы өнімдер бойынша қоғамның болжамымен үйлеседі.

Тікелей сауда мүмкіндіктеріне таныстырылымға бос уақытын бөле отырып, табысын арттырғысы келетіндер, өз кәсіпорнының әлеуетін кеңейту бойынша ізденетін кәсіби мамандар және желілік бизнеспен айналысып, мансап жолын өзгерту туралы шешім қабылдағандар жүгінеді.

2. Жұмыстан шыққаннан кейінгі мүмкіндіктер

Қазақстанда тікелей сауда бизнесіне сұраныс артуда

Коронавирус салдарынан көбі жұмыстан қысқартылып қалды, лауазымын жоғалтты. Тікелей сауда жұмыссыздарға табыс табу, сондай-ақ жеке тұлға ретінде дамуға, қарым-қатынас, кәсіпкерлікті құру әдеттерін меңгеру мүмкіндігін береді. Осылайша QNET тікелей сауда компаниясы өздерінің Тәуелсіз Өкілдерінің өздігінен жетілуі үшін тренингтер мен шеберлік сабақтарын ұйымдастырады.

Қазақстанда тікелей сауда бизнесіне сұраныс артуда

Қазақстанда тікелей сауда бизнесіне сұраныс артуда

3. Бос жұмыс кестесі

Миллиондаған дистрибьюторлар өзіне жұмыс істегенді артық санайды. Ақиқаты – бұл өзінің жеке бизнесін құру және оны кәсіпкердің өзіне қажет деп есептейтіндей басқару мүмкіндігі. Бос жұмыс кестесі, кестенің ыңғайлылығы кішкентай баласы бар ата-аналардың, студенттердің, тәрбиешілердің, зейнеткерлердің, әскери қызметтегі адамдардың жұбайларының, т.б. көптеген адамдардың тікелей саудаға қызығушылығын тудырады. Бұл жақсы табыс табуға мүмкіндік беретіндіктен, өзін-өзі бағалауды үйретеді, өмір сапасын арттыру ниетіне мүмкіндік береді.

4. Бастапқыда болатын кішігірім шығындар

Салаға ену үшін алда болатын кедергілер айтарлықтай үлкен емес. Тікелей сауданы бастайтын кездегі шығындар жөндеу жұмыстарына және бөлмені жалдауға төлейтін, жабдықтарды сатып алу мен қызметкерлерді іріктеуді қажет ететін дәстүрлі саудадағы шығындарға қарағанда, төмен.

5. Қауіпсіздік негізі

Тікелей сауда мен желілік маркетинг саласындағы бизнес келешекте ұзақмерзімді табыс табуға және команда жетістігінен пайда алуға мүмкіндік береді.

Мысалы, зейнетке шығар кезде жалдамалы жұмысшының қаражаты аз болады, қомақты сауда жасауға ақша жинай алмайды. Ал тікелей саудада бизнесте бірнеше жыл жұмыс істегеннің арқасында көбі қаржы тұрақтылығына қол жеткізді және жеткілікті қаражат жинады.

Беделді компанияны таңдауда қырағылық танытқан жөн, себебі экономикадан бейхабар адамға адал фирма мен қаржы пирамидасы арасындағы айырмашылықты аңғару қиын болады. Компаниямен бизнес туралы шешім қабылдамастан бұрын мұқият оның өнімдерімен және бизнес жоспарымен танысып алуға кеңес береміз.

*QNET қолдауымен дайындалған материал

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859583-kazakstanda-tikelej-sauda-biznesine-sranys-artuda/

pixel