Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан бейбітшілікті сүйеді": Әлемдегі ең қауіпсіз елдер тізімі жаңартылды

Опубликовано:

"Экономика және бейбітшілік институты" аналитикалық орталығы жариялаған бейбітшіліктің жаһандық индексінде бірінші орынды иеленген Исландия елі әлемдегі ең қауіпсіз мемлекет болып танылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Ең қауіпсіз елдер тізімі жаңартылды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Екінші орында – Жаңа Зеландия, үшінші орында – Португалия.

Сонымен қатар алғашқы ондыққа Австрия, Дания, Канада, Сингапур, Чехия, Жапония және Швейцария кірді.

Посткеңестік елдер арасында бейбітшілікті сүйетін ел деп танылған Қазақстан 70-ші орынға ие болды.

Дегенмен елдегі "Қорғаныс және қауіпсіздік" көрсеткіштері күрт төмендеген екен.

  • Бұл топта Украина, Ресей, Қырғыз Республикасы, Түркіменстан, Әзірбайжан, Грузия, Армения, Молдавия және Белорусь бар.

Ресей Федерациясы Судан мен Орталық Африка Республикасының ортасына жайғасып, тағы да 154-ші орынға ие болды, дегенмен баяндама жасаушылар оның "Қауіпсіздік және қорғаныс", "Милитаризация" және "Қақтығыстардың жалғасуы" санаттары бойынша көрсеткіштері жақсарғанын атап өтті.

Бір жылдағы елдің жалпы көрсеткіші 1,3 пайызға өсті. Сарапшылар сонымен қатар Ресейдегі кісі өлтірулердің саны азайғанына назар аударды.

Рейтингте жалпы саны 163 мемлекет бар. Ең төменгі орындарға Ирак, Сирия және Ауғанстан жайқасқан.

Global Peace Index-ін Экономика және бейбітшілік институтының халықаралық сарапшылар тобының әлеуметтанушылары мен экономистері жасаған. Бұл тізім 2007 жылдан бастап жыл сайын жасалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859743-kazakstan-bejbitsilikti-sjedi-lemdegi-e-kauipsiz-elder-tizimi-zaartyldy/

pixel