RU

Қорғаныс министрлігінің мөрі бар құжаттар мен марапаттар қоқыс арасынан табылды

Нұр-Сұлтандағы қоқыс арасынан қорғаныс министрлігінің құжаттары және әскери қызметкерлердің жеке істері мен марапаттары табылды. Бұл туралы экобелсенді Шасалим Шагалимов өз Facebook парақшасында мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қорғаныс министрлігінің мөрі бар құжаттар мен марапаттар қоқыс арасынан табылды
Фото: Facebook/ Шасалим Шагалимов: UGC

Қорғаныс министрлігінің мөрі бар құжаттар мен әскерилердің жеке істері, тіпті, марапаттары құрылыс және техника қоқыстары арасынан табылды.

Бұл жағдайға қатысты Қорғаныс министрлігі жауап берді. Жауап ведомствоның сайтында пайда болды.

"Шынымен де мұндай дерек орын алды. 2016 жылы ауданаралық экономикалық сотының шешімімен (Нұр-Сұлтан қ.) ҚР ҚМ "Қолдау" РМК – Қорғаныс министрлігінің ведмстволық бағынысты мекемесі банкрот деп танылып, белгіленген ретпен жойылды.

ҚР ҚМ "Қолдау" РМК бұрынғы кеңселерінің бірінде осы құжаттар сақталған. Жаңа иелері құжаттарды лақтыруға мәжбүр болды.

Өкінішке қарай, жабылған РМК-ның лауазымды тұлғалары құжаттарды белгіленген ретпен жоймай, тастап кеткен.

Табылған құпия емес сипаттағы барлық құжаттама жабылған кәсіпорынның ішкі құжаттарына жатады және Қорғаныс министрлігіне қатысы жоқ.

Табылған марапатқа қатысты хабарлаймыз, бұл қоғамдық бірлестіктің белгіленбеген белгісі, ресми марапаттарға жатпайды және құндылығы жоқ.

Сонымен қатар, егер сіз осындай фактілерге куә болсаңыз, анықтау үшін бірінші кезекте тәулік бойы қызметтегі Қорғаныс министрлігіне хабарлауыңызды сұраймыз",- деді ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859809-korganys-ministrligini-mri-bar-kzattar-men-marapattar-kokys-arasynan-tabyldy/