Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та Флойдтың өліміне қатысы бар экс-офицер кепілмен босатылды

Опубликовано:

Афроамерикалық Джордж Флойдтың өліміне қатысы бар Миннеаполис полициясының бұрынғы төрт қызметкерлерінің бірі Томас Лейн түрмеден босатылды. Бұл туралы сәрсенбі күні 10 маусымда белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ Известия басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-та Флойдтың өліміне қатысы бар экс-офицер кепілмен босатылды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Оның әріптесі Дерек Шовин 29 мамыр күні абайсызда кісі өлтіргені үшін, ал 3 маусымда тағы үш қызметкер — Томас Лейн, Александр Куэнг және Ту Тао — өлімге итермелегендері үшін айыпталды.

Сот ұсталғандарға қатысты $1 млн. көлемінде кепілақы міндеттеді.

Экс-офицердің қорғаушы өкілі Эрл Грей Лейнге қарсы іс "әлсіз" деп мәлімдеді, өйткені ол Шовинге Флойдты босату туралы ұсыныс жасаған, содан кейін оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

"Ол (Флойдты) тірілтуге тырысқан. Болысуды қай жерден көріп тұрсыздар?", — деп жеткізді Грейдің сөзін басылым.

Естеріңізге сала кетсек, 25 мамыр күні Миннеаполис қаласында полицейлерге жергілікті дүкеннің қызметкерінен қоңырау келіп түскен.

Құқық қорғаушылар тәртіп бұзушыны таппқан - ол 46 жастағы Джордж Флойд болып шықты. Полиция қызметкерлері ер адамды құрықтау кезінде оны жерге жығып, біреуі мойнының үстінен аяғымен басып тұрған. Тыныс алуы қиындаған Флойд есін жоғалтып, ауруханада көз жұмды.

Бұл оқиға өз кезегінде қоғамның наразылғын тудырып, Миннеаполисте тәртіпсіздіктер қарқын ала бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859860-aks-ta-flojdty-limine-katysy-bar-eks-oficer-kepilmen-bosatyldy/

pixel