Бағлан Майлыбаев мерзімінен бұрын босап шықты
Жарияланған күні:
Нұр-Сұлтан қалалық соты Президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевтың мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ елордалық соттың ресми сайтына сілтеме жасап.
Соттың мәліметінше, Майлыбаев сотқа жазаның өтелмеген бөлігі бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішпен жүгінген.
Сот өтінішті қарай отырып, оның ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің заңмен белгіленген ½ аса бөлігін өтегенін, түзеу мекемесі әкімшілігінің оң мінездеме бергенін, ішкі тәртіп ережелерін бұзбағанын, 9 рет мақтау алғанын, жазаланбағанын, мінез-құлқына үшінші оң дәреже деген баға берілгенін, қылмыстық іс бойынша талап жоқтығын, жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар екенін ескерген.
2020 жылғы 14 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданының №2 соты Бағлан Майлыбаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешіп шығарған.
Жазасы өтелмеген 1 жыл 4 ай 21 тәулік мерзімге пробациялық бақылау белгіленген.
Сонымен қатар, сот Майлыбаевқа ішкі істер органдарына мінез-құлқы бойынша есеп беруге бару, ішкі істер органының рұқсатынсыз тұрғылықты мекен-жайыннан кетпеу және өзгерту, орган белгілеген жерлерге жұмыстан бос уақытында бармау, өзі тұратын аймақтан және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шықпау міндеттерін орындауды жүктеген.
Жазаның өтелмеген мерзімде Майлыбаевтың мінез-құлқын бақылауды, оның тұрғылықты жеріндегі полиция қызметіне жүктелген.
Сот қаулысына шағым немесе прокурор наразылық бермеген. Қаулы заңды күшіне енді.
Еске салайық, 2017 жылғы 13 маусымда Астана қаласы Есіл ауданының №2 сотының үкімімен Бғлан Майлыбаев Қылмыстық кодекстің 361 бабы 4 бөлігі, 185 бабы 3 бөлігімен 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859996-baglan-majlybaev-merziminen-bryn-bosap-sykty/