Басқа депутаттар да вирус жұқтыруы мүмкін бе: Парламент мәжілісі жауап берді
Жарияланған күні:
Бүгін мәжіліс депутатының коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Парламенттің төменгі палатасында басқа да мәжілісмендердің инфекция жұқтыру мүмкіндігі жайында айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламенттің төменгі палатасында қазіргі уақытта мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханнан коронавирус инфекциясы анықталып, ол қажетті емдеу курсын қабылдап жатқанын атап өтті.
Мәжіліс депутаты инфекция анықтағанға дейін қашықтан жұмыс істеген. Сол себепті палатаның басқа мүшелерімен байланысқа түспеген.
Бүгінгі таңда депутаттық корпустан да, аппарат қызметкерлерінен де аталған ауру белгілері анықталған жоқ.
Депутаттарға карантиннің алғашқы күндерінен бастап, мәжіліс ғимаратында жалпы отырыс күндері, сондай-ақ негізгі заң жобалары бойынша комитеттер мен жұмыс топтарының отырыстарында ғана келуге кеңес берілді.Осы тұрғыда, жасы 65-тен асқан мәжіліс депутаттары қашықтықтан жұмыс істеу режиміне өтті.
Барлық жалпы отырыстар онлайн режимінде таратылуда.
Жұмыс топтарының жетекшілері заң жобалары бойынша жұмысты байланыстың қазіргі түрлері аудио-видео конференциялар, конференциялық қоңыраулар және т.б.арқылы ұйымдастыруда.
Мәжіліс ғимаратында карантиннің алғашқы күндерінен бастап коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмайтын сақтық шаралары енгізілді.
Эпидемиологиялық бақылау үшін ғимараттың кіреберістері медициналық жылу өлшегіштер және антисептикалық заттармен жабдықталып, ғимарат дезинфекциялық құралдармен өңделіп, маскалық тәртіп қатаң сақталуда. Сондай-ақ, аппарат қызметкерлері арасындағы әлеуметтік қашықтық орнатылып, олардың 80%-ы қашықтағы жұмыс тәртібіне ауысты.
Сонымен қатар, жалпы отырысқа қатысатын мәжіліс депутаттары және аппарат қызметкерлері үнемі коронавирустық инфекцияға қарсы тесттер тапсырады.
Еске сала кетейік, Бекболат Тілеухан өзінен COVID-19 инфекциясы анықталғаны жайлы Instagram парақшасында жазған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860116-baska-deputattar-da-virus-zktyruy-mmkin-be-parlament-mzilisi-zauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.