jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбе облысында карантин режимі күшейтілді

: UGC

Коронавирус жағдайына байланысты енгізілген шектеу шаралары тағы бір өңірде күшейтілді. Бүгіннен бастап, Ақтөбе облысында да карантин режимі қатаңдатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CORONAVIRUS2020.KZ ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Фото: akt.gov.kz
Фото: akt.gov.kz: UGC

Бұл өңірде фудкорттар, компьютер клубтары, аттракциондар, лагерьлер, караокелер, тунгі клубтар мен қорқорханалардың жұмысы тоқтатылады.

Ауқымды шараларға тыйым салынып, стационарлық емес тамақтану және сауда орталықтарына жұмыс істеуге болмайды.

Облыс орталығы мен аудандарда қоғамдық көлік таңғы 6.00 мен 21.00 арасында жүрмек.часов. Салон ішіне бетпердесіз кіруге қатаң түрде тыйым салынады.

Одан бөлек, базарлардың бірқатары дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 9:00 мен 13:00 аралығында, өзгелері жұмадан жексенбіге дейінгі аралықта 10:00 - 16:00 дейін істейтін болады.

ХҚКО-лар мен білім орталықтарының жұмысы тек сағат оннан кешкі төртке дейін жүргізілмек.

Сауда орталықтарына сағат оннан беске дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Құрылыс дүкендері, бильярд пен букмекер орталықтары мен боулингтер 10:00 мен 18:00 аралығында ашық болады.

Супермаркеттер, азық-түлік дүкендері, спорттық нысандар, бассейндер мен аквапарктер жұмысына да арнайы режим енгізілді. Олардың барлығы оннан кешкі сегізге дейін жұмыс істей алады.

Тамақтану орталықтары сағат 10:00 мен 22:00 аралығында ашық болмақ.

Өңірде жұма намазын мешіттерде оқуға рұқсат етілді. Бірақ, ол үшін арақашықты қатаң түрде сақтау керек.

Мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің 80% қашықтықтан жұмыс істеуде.

Жергілікті тұрғындарға үйлерінде мейрамдар мен жаназа өткізуге рұқсат жоқ.

Далаға тек қажеттілік болған жағдайда ғана шығуға кеңес беріледі.

Оған қоса, көшеде үш адамнан артық болып жүруге болмайды. 65 жастан асқан адамдарға үйден шықпаған жөн.

Ақтөбе облысында карантин режимі күшейтілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.