Елде коронавирус дертінің белгілері жоқ тағы 620 тасымалдаушы анықталды
Жарияланған күні:
2020 жылғы 13 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус дертінің белгілері жоқ 620 тасымалдаушы тіркелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 520 (+71) Алматы қаласы - 722 (+107) Шымкент қаласы - 492 (+61) Ақмола облысы - 51 (+7) Ақтөбе облысы - 115 (+31) Алматы облысы - 274 (+28) Атырау облысы - 431 (+52) Шығыс Қазақстан облысы - 167 (+19) Жамбыл облысы - 59 (+13) Батыс Қазақстан облысы - 270 (+8) Қарағанды облысы - 711 (+155) Қостанай облысы - 46 (+15) Қызылорда облысы - 100 (+8) Маңғыстау облысы - 166 (+11) Павлодар облысы - 46 (+5) Солтүстік Қазақстан облысы - 117 (+10) Түркістан облысы - 115 (+19)
Жалпы белгілері жоқ тасымалдаушылар саны 4402-ге жетті.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 258 адам коронавирус дертімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 1,8% құрады.
Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да ел тұрғындарын карантин талаптарын сақтауға шақырды. Сондай-ақ, президент коронавирус жұқтырған мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханға тезірек сауығып кетуін тіледі.
"Белгілі қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық өнерінің майталманы Бекболат Тілеуханға індеттен тезірек сауығып шығуын тілеймін. Барлық азаматтарды дерттен сақтанып, карантин талаптарына мұқият болуға шақырамын", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860269-elde-koronavirus-dertini-belgileri-zok-tagy-620-tasymaldausy-anyktaldy/