Желіде бет-аузы көгерген әжейдің суреті тарады (фото)
Жарияланған күні:
Алматы облысының полиция департаменті Жетіген ауылында тұратын қарт әжейдің әлеуметтік желіде тараған суретіне байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Желідегі Novosti.kz тобында бет-аузы көгерген егде жастағы кісінің суреті тарады.
Жазбада Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылында 14 маусым түнде белгісіз ер азамат пен әйел қарияның үйіне терезесін сындырып кіргені айтылған.
Күдіктілер ұйқыдан оянған әжейді басынан ұрып, соққыға жыққан көрінеді. Үйін тонап болғаннан кейін, әжейді "өлді" деп ойлап, іргелес ауылға апарып тастаған.
Ал қарт кісіні өтіп бара жатқан жедел жәрдем қызметкерлері байқап, ауруханаға жеткізген. Әжей әлі де сол жақта жатыр.
Сонымен қатар үйден ақша ұрланғаны хабарланды.
Бұл жайтқа қатысты Алматы облысының полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Құзырлы органның мәліметінше, 79 жастағы әжей 14 маусымда көптеген жарақатпен Іле ауданының ауруханасына түскен.
"Жауап алу кезінде әжей жалғыз тұратынын, үйінде абайсызда құлап қалғанын айтты. Дене жарақаты да содан пайда болғанын айтқан. Алайда, қарт кісінің жауабы тергеудің күмәнін тудырып отыр. Осыған байланысты істің егжей-тегжейі тексерілуде. Соған қарағанда, әйел жақындарының бірін қорғаштайтын сияқты", - деді ведомство.
Сонымен қатар, департаменттің ақпаратынша, әжей шағымданудан және сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан.
Еске сала кетсек, Шымкентте екі баласы бар келіншекті жұмыстан қайтып келе жатқанда белгісіз біреулер соққыға жыққанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860417-ryp-sokkan-almaty-oblysynda-zalgyz-tratyn-zejdi-jin-ldekimder-tonap-ketken/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.