Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағдарлама аясында Қызылорда облысының Қазалы мен Қармақшы аудандарында 1 240 тұрғын жұмыспен қамтылады

Жарияланған күні:

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасының елге берері көп болып тұр. Бағдарлама аясында Қазалы және Қармақшы аудандарында 1240 тұрғын жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі: Depositphotos

Жалпы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында Қызылорда облысына 37 млрд теңге қаржы бөлінген.

Оның ішінде 3 млрд теңгеден астам қаражат Қазалы ауданына тиесілі. Осының арқасында ауданда 42 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде жүздеген тұрғынға жұмыс табылып, әлеуметтік нысандар жаңғыртылатын болады. Мысалы, бағдарлама шеңберінде Ғ.Мұратбаев ауылына табиғи газ апару, Ақсуат ауылынан 150 орындық клуб салу, ауданды абаттандыру, көшелерді орташа жөндеу мен жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу сияқты өзекті мәселелер биыл шешімін табады.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі: Depositphotos

Бүгінде Қазалы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 33, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы жарияланған 9 жобаның жеңімпаздары анықталған. Жеңімпаздардың барлығы да аудан – кәсіпкерлері. Мұны жергілікті бизнеске көрсетілген қолдау десек те болады. Қолға алынған жобалар бойынша ауданда 436 адам жұмыспен қамтылады және әр азаматтың жалақысы 85 мың теңге.

Қуаныштысы, биыл Ғани Мұратбаев елді мекеніне газ тартылады. Құрылысқа 239,507 млн теңге қаржы бөлінді. Бас мердігері "Сапақ" ЖШСкөгілдір отынды тарту жұмысын ары 5 айда бітірмек. Жоспарға сәйкес жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары арқылы 30 адамжұмысқа алынған.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі: Depositphotos

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасының бастамаларынан Қармақшыауданы да қалыс қалмады. Бағдарлама аясындааудан бойынша 3 млрд 550 мың теңгенің көлемінде үлкенді-кішілі 40 жоба басталып кетті.

Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар жөндеуден өтеді. Осы жобалар аясында жалпы 804 жұмыс орны, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы тіркеуде тұрған 409 адам жұмыспен қамтылатын болады. Басталған құрылысты қадағалау, сапасына мән беру басты назарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860489-bagdarlama-aasynda-kyzylorda-oblysyny-kazaly-men-karmaksy-audandarynda-1-240-trgyn-zmyspen-kamtylady/