Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауіпті вирус жұқтырған Нығматулин де өзін-өзі оқшаулады

Опубликовано:

Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин өзін-өзі оқшаулады. Ол шамамен бір апта бұрын бұған дейін коронавирус анықталған Елжан Біртановты қабылдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Нығматуллин. Фото: мәжілістің баспасөз қызметі
Нұрлан Нығматуллин. Фото: мәжілістің баспасөз қызметі: Facebook

Мәжіліс спикері карантиндік шараларды қатаң сақтаған: ол соңғы айда қашықтан жұмыс істеген, пленарлық отырыстан бөлек, ешкіммен байланысқа түспеген.

Сондай-ақ, Нығматулин әр пленарлық отырыстың алдында коронавирусқа тест тапсырып тұрған.

Ал 9 және 11 маусымда мәжіліс төрағасы бұған дейін коронавирус анықталған денсаулық сақтау министрін қабылдаған.

Елжан Біртановтың коронавирусқа шалдыққаны белгілі болған соң мәжіліс спикері 16 маусымда қайтадан тестілеуден өткен. Өкінішке қарай, оның сынамасы оң нәтиже көрсетті. Алайда, қауіпті дерт ауру белгілерінсіз өтіп жатқан көрінеді.

Нығматулин бекітілген хаттаманы ұстанып, өзін-өзі оқшаулауға шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта ол жұмысын қашықтан жалғастырып жатыр.

Ал 17 маусымға жоспарланған палатаның пленарлық отырысын оның орынбасары өткізеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздегі бірқатар лауазымды тұлғалардың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Қазір елде алты шенеуніктен вирус анықталса, алтауы өз-өзін оқшаулау режиміне көшкен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860748-mzilis-tragasy-zin-zi-oksaulau-rezimine-ksti/

pixel