Қазақстандықтар КВИ-дің жоқтығы туралы анықтамасыз туыстарын жерлей алмайтындарына наразылық білдірді
Жарияланған күні:
Бір тәуліктен астам уақыт бойы алматылықтар марқұм әкесінің денесін жер қойнына тапсыруға рұқсат ала алмаған. Жедел жәрдем және полиция ПТР тесті нәтижесі дайын болғанға дейін денені тексеруге келуден бас тартқан. Анықталғандай қазір көз жұмғандарды коронавирустың жоқтығы туралы анықтамасыз жерлеу мүмкін емес екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы 31 арнаға сілтеме жасап.
Қайтыс болған 72 жастағы ер адамның денесі үйде жатып қалған, өйткені құзырлы органдар оны алып кетуден бас тартқан. Марқұмды жерлеу үшін оның туыстарында полиция беретін қайтыс болғаны туралы қорытынды болуы керек. Бірақ құзырлы орган өкілдері алматылықтарға келуден бас тартқан.
Қайтыс болған адамның туыстарының айтуынша, жаңа ережелерге сәйкес, алдымен эпидемиологтар қайтыс болған адамға келіп, КВИ-ге сынама алады. Талдау нәтижесі дайын болғаннан кейін ғана марқұмның туыстары қорытынды ала алады.
Қазір жаз мезгілі болғандықтан, ауа температурасы тым жоғары, сол себепті марқұмның туыстары мәйітті уақытша мәйітханаға апаруды сұрапты, сөйтсе, қазір оған да тыйым салынған екен. Мәйітханада да коронавирус жоқ екені туралы анықтама талап етеді.
Оңтүстік астананың тұрғыны бұл жаңашылдықтарға наразы, өйткені қайтыс болған әкесінің денесі желдеткіші жоқ бөлмеде жатып қалып, иіс шығып, көгере бастаған.
Белгілі болғандай, бұл бірінші жағдай емес екен. Алматылықтар бұған дейін полициядан анықтама алғанша, жақындарын жерлеуді күтіп отыра алмайтындықтарын айтып шағымданған, оның үстіне аптап ыстықтан мәйіт шіри бастайды.
Ал құқық қорғау органдары өздерінің бекітілген алгоритм бойынша әрекет ететіндерін хабарлады, себебі егер КВИ тесті нәтижесі болмаса, полицияға денеге жақындауға тыйым салынған. Бірақ қазір барлық зертханалардың жұмысы қауырт, сондықтан күтуге тура келеді.
Дереккөз: 31 арна
Айта кетейік, өткен тәулікте елде коронавируспен ауырған тағы 335 дерегі тіркелген. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 диагнозы расталғандар саны 15 877-ге жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860928-kazakstandyktar-kvi-di-zoktygy-turaly-anyktamasyz-tuystaryn-zerlej-almajtyndaryna-narazylyk-bildirdi/