Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустан қорғану үшін болашақта ұшақтар қандай болады (фото)

Опубликовано:

Желіде ұшақтарда коронавирусты жұқтыру қаупін азайтуға және пандемия кезінде жолаушыларды мүмкіндігінше қорғауға арнап жасалған жаңа орындықтардың суреттері пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Коронавирустан қорғану үшін ұшақтағы екі қабатты орындардың суреттері жарияланды
Фото: Zephyr Aerospace: UGC

Zephyr Seat деп аталатын жоба, атап айтқанда, салонға екі қабатты орындарды орналастыруды қарастырады.

Ол үшін үстіңгі багаж сөрелерінің орны пайдаланылмақ. Әуе компаниялары осындай екі деңгейлі жасақтамамен қазіргі уақыттағыдай орын тығыздығын сақтай алады.

Жобаның авторы дизайнер Джеффри О'Нил (Jeffrey O'Neill) екені белгілі болды.

"Біз болашақта жолаушылар айрықша жекешеленуді қажет етеді деп санаймыз, және олар жайлы ұйықтау мүмкіндігі үшін қанша ақша төлесе, мына жеке орындарға сонша төлеуге дайын болады деген ойдамыз", – дейді ол.

Айта кетейік, бұл жоба әлі әзірленіп жатыр. Сонымен қатар алда болатын қауіпсіздік сынағынан өтуі керек.

Коронавирустан қорғану үшін ұшақтағы екі қабатты орындардың суреттері жарияланды
Фото: Zephyr Aerospace: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860966-koronavirustan-korganu-sin-bolasakta-saktar-kandaj-bolady-foto/

pixel