Қызылорда облысында тағы бір күн электростанцияcы салынады
Жарияланған күні:
Қызылорда облысы күн белсенділігі бойынша республика көлемінде көшбасшы болып табылады. Табиғаттың ерекше сыйын ескере отырып, өңірде жаңартылатын электр энергиясының көздерін дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Облыстағы күн сәулесінің орташа жылдық ұзақтығы 3 мың сағаттан артық. Бұл күн электр станцияларын салу және дамыту үшін үлкен әлеует.
Бүгінде Ұлыбритания, Франция және Болгариялық инвесторлардың қатысуымен облыста жалпы құны 47 млрд.теңгеніқұрайтын жаңартылатын энергия көздері бойынша 3 жоба жүзеге асырылуда. Олардың екеуіжұмысын өткен жылыбастады.
Атап айтсақ, Жалағаш ауданындағы қуаты 28 МВт КЭС құрайтын күн электростанциясының құрылыс жұмыстарын «Total Eren» француз компаниясы жүргізсе, Шиелі ауданындағы станцияның құрылыс жұмыстары британдық «Baikonyr Solar» компания арқылы жүргізілді. Бұл күн электростанцияның қуаты - 50 МВт СЭС.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін болгариялық «HydroEnergy» компаниясы жалпы құны 3,2 млрд. АҚШ долларын құрайтын күн электр станциясының құрылысын аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Электр энергиясын өндірудің жылдық жоспарлы көлемі шамамен сағатына 19 млн. кВт* құрайтын болады. Бұл жоба Жаңақорған ауданында жүзеге асырылуда.
Мемлекетіміз шетелдік инвесторларға бірқатар жеңілдіктер ұсынып отыр, бұлкедендік баж салығынан босату, мемлекеттік заттай гранттар, салықтар бойынша преференциялар, инвестициялық субсидиялар беру. Ал облыс әкімдігі инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге және ынтымақтастық құруға әрқашан дайын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861092-kyzylorda-oblysynda-tagy-bir-kn-elektrostanciacy-salynady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.