Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен үшін дұға етіңіздер": Ауырып жатқан Қайрат Құдайберген елді алаңдатып қойды

Опубликовано:

Отандық танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген үш күн бойы оқшауланып, қатты ауырып жатқанын хабарлады. Қоғам белсендісі өзінің коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаны болуы әбден мүмкін екенін ашып айтты. Ол желіде әрең тыныс алып, ентігіп сөйлеп тұрған видеосын жариялап, халықтан өзі үшін дұға етуін сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Қайрат Құдайбергеннің Instagram парақшасында бөліскен видеосы қалың көпшілікті алаңдатып қойды.

Үш күн бойы дене қызуы көтеріліп жатқан кәсіпкер бүгінде COVID-19 вирусына ПТР тест тапсырып, нәтижесін күтуде. Оның айтуынша, жауап бүгін шығу керек.

Сонымен қатар, ол инфекция расталған жағдайда, оны мұқтаж жандарға көмектескен кезде жұқтыруы мүмкін екенін айтты. Кәсіпкер ол кезде көптеген адамдармен байланыста болғанын жеткізді.

"Ассаламағалейкум, құрметті қазақ елі! Коронавирусқа сенбейтін адамдар, далада өз-өзіне қарамай жүрген адамдар - опасыз адамдар. Маған қарасаңыздар болады.

Жалпы мен білмеймін қандай ауру екенін, кеше күндіз ПТР тест тапсырдым. Оның нәтижесі енді дайын болады. Өте қиын. Дене қызуым 38 бен 39,5 аралығында. Үш күн болды дене қызуым көтеріліп жатқанына. Сақтаныңыздар.

  • Туыс-туысқандарыңызды, жақындарыңызды сақтай жүріңіздер. Маска мен қолғап киіп жүріңіздер. Мен бұл індет па, жай вирус па білмеймін.
Адамдарға көмектесіп жүріп, қаншама адамның ортасында жүріп, қанша сақтансам да осындай жағдайға душар болдым. Сол себепті, өздеріңізге қараңыздар. Еліміз осы індеттен аман шықсын. Сау болыңыздар" , - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861143-men-sin-dga-etiizder-auyryp-zatkan-kajrat-kdajbergen-eldi-aladatyp-kojdy/

pixel