Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марғұлан Сейсембай: Барлығымыз ауыратын болсақ, карантиннен не пайда

Жарияланған күні:

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай коронавирус инфекциясына байланысты елде қабылданып жатқан шешімдерді сынның астына алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Марғұлан Сейсембай және pixabay.com
Фото: Facebook/Марғұлан Сейсембай және pixabay.com: Instagram

Бұл туралы Марғұлан Сейсембай Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

"Коронавируспен ауырған таныстарымның санының күрт артуына байланысты, қалай болғанда да, барлығымызға немесе басым көпшілігімізге ауырып шығуға тура келеді деген қорытындыға келдім.

Осы арада бірден эпидемиологтардың "эпидемия кем дегенде популяцияның 60%-ы ауырып шықпай, басылмайды" деген сөздері еске түседі.

  • Ауруханалар толы, дәрігерлер жетіспей жатыр, жедел жәрдем сізде өте ауыр жағдай болмайынша келмейді. Қысқасы, біз қорыққан денсаулық сақтау жүйесінің жаппай күйреуі орын алды.

Осыдан мынадай заңды сұрақ туады: медицинаның күйреуі ақыры орын алса, эпидемия бәсеңдегенше, бәрібір, барлығымызға ауырып шығуға тура келетін болса, карантиннен не пайда? Қаншама ресурс жұмсалды, бастысы – экономикамыз толықтай тұсауда, оны қайта қалпына келтіру үшін әлі қанша шығын кетеді!

Бұл кінә тағу емес, бұл болашақта дұрыс шешімдер қабылдау үшін жауабын қазір алатын сұрақ", - деді ол.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қайнар Алагөзов коронавирус инфекциясын жұқтырып, бүгінде оқшауланып жатқан шенеуніктерді сынның астына алған болатын. Ақынның ойынша, олардың ешбірі шын мәнінде COVID-19 індетіне шалдықпаған.

Айтыскердің жазбасына желіде танымал журналист Ришат Асқарбекұлы жауап қайырған болатын.

Ол Қайнар Алагөзовтің жазбасын өзгерткенін алға тартып, ақынның өз сөзінен "секіргенін" баса айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861183-marglan-sejsembaj-barlygymyz-auyratyn-bolsak-karantinnen-ne-pajda/